Компания туралы
"ZHARKENT FRUIT" Компаниясы 2015 жылы құрылған Қазақстандағы барлық жеміс индустриясы арасындағы қарқынды дамушы отандық бренд. Компания біздің елімізде 1 100 гектар аралығында орналасқан ең ірі бау-бақша шаруашылығымен айналысады. Осы аумақтың ішінде қарқынды бақтар деп аталатын, бір жылдан кейін-ақ, өнім беретін жеміске бай ағаштар өседі.
Компанияның қарқынды бақтарда қолданылытын озық технологиялары қазақстандықтар арасында ірі сұранысқа ие жеміс-жидектердің бай өнімін алуға мүмкіндік береді. «ZHARKENT FRUIT» ассортиментіне жемістердің бірнеше ең танымал түрілері алма, шабдалы, шие және қара өрік кіреді.
"ZHARKENT FRUIT"-ті дамыту жобасына Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен серіктестік ықпал етеді. Жоба шет елдердің жетекші агрономдары кеңес береді.
Біздің бақта өсірілген жемістерде химиялық және зиянды қоспалар жоқ. Табиғи өнім табиғи жағдайларда тек химиялық тыңайтқышсыз және зиянды химиялық заттармен емделмей өсіріледі.